Начать продавать на Satu.kz
Корзина
24 отзыва
+7 (700) 772-18-88
+7 (700) 772-18-88
Шевченко 133Б, уг.ул. Байзакова, магазин Адеми- ай, 2 этаж, Алматы, Казахстан
Корзина
Единственный официальный производитель "МАСЛА УСЬМЫ" в Казахстане и косметического бренда "Makeda"

Қас пен кірпікті үй жағдайында қалай өсіруге болады?

Қас пен кірпікті үй жағдайында қалай өсіруге болады?

«Тәртіпке бағынбай», шашырай өскен немесе өте сирек қас сұлулығыңызды жоққа шығаруы да мүмкін

ҚАС- бет-жүздің сұлулығында ерекше роль ойнайды. Себебі, селдір, шашырай өскен қас беттің сұлулығын айшықтай қоймайды. Нәзік жандылардың сұлулыққа құмар келетінін ескерсек, осындай қастың иесі үнемі оны бояп, жан-жағындағы артық қастарын ретке келтіріп, бояу жағып жататыны да жасырын емес. 

Қазіргі күнде «ЖАСАНДЫ ҚАС пен КІРПІК көбейіп кетті, табиғилық жоқ» деп сын айтатындар да көп. Өзіңізге де табиғилық ұнайды ғой? 

Алайда, жаратылысыңыздан қасыңыз сирек болса, амалсыз жасанды қас жасатуға мәжбүрсіз. Бірақ, қас пен кірпікті қалыңдатудың, өсірудің жолдары бар екендігін білсеңіз, егер шыдамдылығыңыз, ерік-жігеріңіз жетсе, сіз табиғи қалың қас пен кірпіктің иесі бола аласыз. 

Сондықтан, әдемі көздеріңіздің бірден көзге түсуіне де қастың айтарлықтай үлесі бар екендігін ескерсек, біз қасты қалыңдатуды, күтуді ұсынамыз. Қасқа үнемі, ыждағатты күтім көрсететін болсаңыз, бір тегіс, қалың және өңіңізге айрықша сұлулық сыйлайтын түске енуі мүмкін. Күтім үшін айтарлықтай көп уақыт та, көп қаражат та шығындамайсыз. Тек қана күн сайын 15 минут уақытыңызды қас күтіміне арнасаңыз СІЗден асқан сұлу болмайды. Қас күтімі үшін дұрыс таңдалған құралдар оның шырайын келтіреді. Қастың түптері бекем, жылтыр болады.

ҚАС КҮТІМІ ҮШІН:

Қасты тарап, уқалау арқылы қасыңызға массаж жасаңыз. Әуелі қасты өсу тәртібіне қарама-қарсы бағытқа қарай тараңыз, одан соң келесі бағытқа. Тарау арқылы қастағы артық түктер мен шаңнан арыласыз. Сонымен қатар, қастағы қан айналымы да жақсарады. Осыдан келіп, қасыңыздың өсуі де ретке келері сөзсіз. 

Сонымен қатар, сізде массаж жасауға арналған май  болса болғаны.  Сол кезде қасты күн сайын ерінбей тарап отыруды әдет етіңіз. Ол үшін сізге арнайы қас тарағы немесе кірпік бояйтын тущтан босаған қаттылау щетка керек болады.   Қас пен кірпіктің өсуіне арналған осма майы өте қолжетімді болып табылады. Осма майы – дәрумендердің (табиғи құрамында Е, А, РР, В1, В2, В6, В9, F дәрумендері бар), қоректік заттардың, минералдардың және микроэлементтердің нағыз қоймасы болып табылатын Шығыстың танымал майы. Осма майы - сирек кездесетін және өте құнды май, ол шашыңызды ерекше күтіммен қамтамасыз етеді. Май толығымен табиғи және осма жапырақтарын алғашқы суық сығымдау өнімі болып табылады. Май өндірісте еріткіштер, мацерация әдісінсіз алынады. Шығыс елдерінде осма майы кеңінен танымал, ол ұзақ уақыт бойы шаш түсу проблемалары үшін сәтті қолданылуда. 

Қас пен кірпіктеріңіздің саулығы үшін күніне 5 минут уақытыңызды   бөліп, шығыс сұлуларынан кем түспейтін сұлулыққа ие болыңыз!

Другие статьи
  • Как бороться с выпадением волос у женщин?
    Столкнувшись с проблемой резкого выпадения волос, хочется сразу пропить курс витаминов с надеждой, что волосопад прекратится. Однако, и правильного выявления причины возникновения алопеции (патологического частичного или полного выпадения волос) прием одних витаминов может не принести желаемого результата. Рассказываем, почему выпадают волосы у женщин и какие существуют способы борьбы с алопецией.
  • Терінің әрбір типіне арналған ылғалдандырғыш құрал таңдаймыз
    Кез-келген типті тері ылғалдандыруды қажет етеді. Бірақ бұл дегеніміз, кез-келген тері типіне бір ғана нәрсені қолдануға болады деген сөз емес. Сондықтан, сіздерге оңай болуы үшін бірнеше кеңестеріміз бар .