Начать продавать на Satu.kz
Корзина
24 отзыва
+7 (700) 772-18-88
+7 (700) 772-18-88
Шевченко 133Б, уг.ул. Байзакова, магазин Адеми- ай, 2 этаж, Алматы, Казахстан
Корзина
Единственный официальный производитель "МАСЛА УСЬМЫ" в Казахстане и косметического бренда "Makeda"

Беттегі қара дақтарды қалай кетіруге болады?

Беттегі қара дақтарды қалай кетіруге болады?

Бетте пайда болатын қара дақтар қазір әйелдермен қатар, ер адамдарды да жиі мазалайды. Ол безеу сияқты ыңғайсыздық тудырмаса да, келбетіңіздің көркіне кері әсер ететіні шындық. Бүгін сол қара дақтардың неден пайда болатынын және қалай құтылу керек екеніндігі туралы ақпарат беретін боламыз.

Беттегі қара дақтар – терінің біркелкі емес меланин атаулы пигменттің шектен тыс бөлуінен пайда болады. Нәтижесінде, кей жерлерде терінің түсі астам қара түсті болып көрінеді. Көбінесе, пигментация нәзік жандыларды жүктілік  , лактация кезінде мазалайды. 

Тері ақауларының пайда болуының негізгі факторларына мыналар жатады:

  1. Жүктілік. Бұл жағдайда дақтар дененің жалпы қайта құрылуына байланысты пайда болады.Оларды ағартпас бұрын, әйелге гинекологпен кеңесу керек.
  2. Тұқымқуалайтын бейімділік. Егер науқастың туыстарында ұқсас дақтар болса, онда мұндай тері ақауларының ықтималдығы жоғары.
  3. Денедегі гормоналды өзгерістер. Әйелдердегі пигментті дақтар жүктілік кезінде ғана емес, менопауза кезінде де пайда болуы мүмкін.
  4. Күн сәулесінен қорғанбау. Күн сәулесі терідегі меланин пигменттімен байланысқа түсетін болса теріде қара дақтардың көбейетіні анықталған
  5. Стресстік жағдайлар және депрессия.
  6. Механикалық жарақаттар.
  7. Бүйрек, бауыр немесе асқазан-ішек жолдарының туа біткен немесе жүре пайда болған аурулары

Беттегі қартаю дақтарын емдеу кешенді түрде жүзеге асырылады. Оны бастамас бұрын гинекологпен, эндокринологпен және косметологпен кеңесу ұсынылады. Сарапшылар терідегі дақтардың нақты себебін анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, сізге бірнеше ережелерді сақтану керек болады:

  1. Ішетін кофеңіздің  мөлшерін азайтыңыз.
  2. Құрамында PP және C бар тағамдарды көбірек жеу керек.
  3. Бетіңізді ультрафиолет сәулесінің жағымсыз әсерінен қорғаңыз.
  4. Белсенді күн кезеңінде сіз көшеде болмауыңыз керек.
  5. Жоғары SPF қорғаныс құралдарын қолданыңыз.

Үйде әртүрлі құралдар мен әдістерді қолдана отырып, беттегі қара дақтарды кетіруге болады. Сол үшін бетке мұқият таңдалған күнделікті бет күтімі қажет. Күнделікті бет күтімі ең кемінде 4 этаптан тұруы керек:

- Бетті күнделікті шаң тозаңнан кетіру

- Бетті нәрлендіру ( тоник арқылы)

- Теріні ылғалдандыру

- Терінің қорғау 

Сонымен қатар терідегі қара дақтарды кетіруде C дәруменінің көмегі мол. С дәрумені меланин синтезін төмендетеді және ағартатын, тегістейтін әсерге ие. Терінің қорғаныс қабілетін арттырады және қабынудың қарқындылығын төмендетеді.

С  дәрумені қосылған Македа ұсынған жиынтық қара  дақтарды кетірудегі тиімді құралдардың бірі. 4 этаптан тұратын бұл жиынтық аз уақыт ішінде теріні 2-3 тонға дейін ағарта алады. Алайда қара дақтарыңыз аздап ағарған сәттен бастап, күнделікті бет күтімін және күннен қорғануды ұмытпағаныңыз жөн. Себебі меланин пигменті ешқашан өзінің жұмысын тоқтатпайды, сондықтан пигментацияның теріге қайта шықпауына ешкім кепіл бере алмайды.

Қара дақтарды теріге түсірмеудің бірден-бір амалы:  Теріні үнемі күннен қорғау. Теріңіз пигментацияға бейім болса күннен қорғаудың ең жоғары дәрежесін таңдағаныңыз жөн: SPF 45, SPF 50 . 

 

Другие статьи
  • Как бороться с выпадением волос у женщин?
    Столкнувшись с проблемой резкого выпадения волос, хочется сразу пропить курс витаминов с надеждой, что волосопад прекратится. Однако, и правильного выявления причины возникновения алопеции (патологического частичного или полного выпадения волос) прием одних витаминов может не принести желаемого результата. Рассказываем, почему выпадают волосы у женщин и какие существуют способы борьбы с алопецией.
  • Терінің әрбір типіне арналған ылғалдандырғыш құрал таңдаймыз
    Кез-келген типті тері ылғалдандыруды қажет етеді. Бірақ бұл дегеніміз, кез-келген тері типіне бір ғана нәрсені қолдануға болады деген сөз емес. Сондықтан, сіздерге оңай болуы үшін бірнеше кеңестеріміз бар .