Начать продавать на Satu.kz
Корзина
24 отзыва
+7 (700) 772-18-88
+7 (700) 772-18-88
Шевченко 133Б, уг.ул. Байзакова, магазин Адеми- ай, 2 этаж, Алматы, Казахстан
Корзина
Единственный официальный производитель "МАСЛА УСЬМЫ" в Казахстане и косметического бренда "Makeda"

Терінің әрбір типіне арналған ылғалдандырғыш құрал таңдаймыз

Терінің әрбір типіне арналған ылғалдандырғыш құрал таңдаймыз

Кез-келген типті тері ылғалдандыруды қажет етеді. Бірақ бұл дегеніміз, кез-келген тері типіне бір ғана нәрсені қолдануға болады деген сөз емес. Сондықтан, сіздерге оңай болуы үшін бірнеше кеңестеріміз бар .

СЕЗІМТАЛ ТЕРІ

Белгілері: қызарулар, тартылу сезімі немесе қышыну. Мұндай теріге кез-келген тітіркендіргіш – қоршаған ортадан бастап косметикалық ингредиенттерге дейін, тез әсер береді.

Аздап ғылымнан

Терінің беткі қабаттары тосқауыл ретінде жұмыс істейді: кез-келген әсерден қорғайды және ылғалдандырудың жеткілікті деңгейін сақтап тұруға көмектеседі. Терісі сезімтал адамдарда көбінесе, бұл тосқауылды оңай бұзып өтуге болады. Міне, сондықтан ол ылғалды жоғалтудан аз қорғалған. Қорғаныс қаншалықты төмен болса, тері де сыртқы әсерге соншалықты сезімтал болады. Уақыт өте келе тосқауылдың тиімділігі төмендейді де, оның нәтижесінде алдағы уақыттарда тері құрғайды. 

Не құтқарады

Тыныштандыратын, ылғалдандыратын және қорғайтын қасиеттері бар құралдар. Мысалы,  ұлу шырышы қосылған   терең ылғалдандыратын крем (сіз ұйықтап жатқанда табиғи тосқауылды нығайтуға көмектеседі).

МАЙЛЫ ТЕРІ

Белгілері: кеңейген тесіктер, Т-аймақтағы безеулер. Мұндай тері өте көп мөлшерде себум бөліп шығарады, нәтижесінде кешке қарай сіздің макияжыңыз бетіңізде еріп тұрады, қабақ бояулары қабақ қатпарына жиналып, ұялы телефоныңның экранында бетіңіздің іздері қалып қояды.

Аздап ғылымнан

Себумның артық мөлшері – бұл терідегі үйлесімсіздіктің белгісі. Біз теріні тазалау кезінде, көбінесе артық күш саламыз, бұл себумның бұрынғыдан да көбірек бөлінуіне мәжбүрлейді. Зиянды нәрседен арылу үшін, теңгерімдейтін және ылғалдандыратын қасиеті бар өнімдерді таңдауға кеңес береміз.

Не құтқарады

Бір мезгілде артық мөлшердегі себумның пайда болуының алдын алатын және тиімді ылғалдандыруды қамтамасыз ететін, жеңіл текстуралы кремдер таңдау керек. Біз MAKEDA ұсынған алоэ сығындысымен анти-акне кремін ұсынамыз. 

ҚҰРҒАҚ ТЕРІ

Белгілері: жылтырламай тұратын тері , бітелген тесіктер, мимикалық әжімдер, жеңіл қызарулар. Бұған тағы терінің тартылып тұруы мен қабыршақтану қосылады

Аздап ғылымнан

Терінің құрғақтығы эпидермистің, оның сыртқы қабатының тұрақты ылғалдылық деңгейін сақтап тұру қабілетіне тәуелді болады. Көбінесе тері жас ұлғайған кезде немесе климат ауысуына байланысты құрғақ бола бастайды. Себумның бөлінуі азаяды, бұл терідегі ылғал мөлшерінің төмендеуіне әкеледі. Салқын ауа мен температураның алмасуы қыста теріні құрғата отырып, оған жайсыз әсер береді. 

Не құтқарады

Жайлы текстуралы нәрлендіргіш өнімдер. Мультидәруменді эссенция теріні терең ылғалдандырады. 

АРАЛАС ТЕРІ

Терінің мұндай типін бірден анықтау қиын. Құрама тері типінің иегерлері маңдайынан, мұрнынан және иегінен (Т-аймақ) майлылық пен мөлшерден тыс жылтырауды және бетінен құрғақ жерлерді байқайды. 

Аздап ғылымнан

Құрама тері ауа-райы жағдайларына байланысты құрғақтықтан зардап шегуі мүмкін. Себумның бөлінуі ыстық ауа-райында артады және төмен температураның салдарынан төмендейді. Гормоналдық өзгерістер де әсер етуі мүмкін. Мұндай теріге күтім жасау кезінде теңгерімді сақтауға тырыс, Т-аймақтағы артық мөлшердегі жылтыраумен қаншалықты күрескің келсе де, ылғалдандырғыш құралдарды қолдан.

Не құтқарады

Біз терінің түрлі күйіне байланысты, оның тек бір ғана типіне арналған өнімді пайдалануға кеңес береміз, мысалы, тек майлы теріге немесе тек құрғақ теріге арналған. Сізге  терінің ылғалдылығын және дені сау жарқырауын сақтайтын, сонымен бірге артық мөлшердегі жылтыраумен күресуге көмектесетін құралдар қажет.Мысалы, коллагеннің түзілуіне көмектесетін гиалурон қыщқылымен сарысу сіз үшін таптырмас құрал болады.

Другие статьи